Saturday, 23 November,2024

Қаза тапқандар бар: Атырауда бір топ адам пышақтасты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында төрт адам пышақтасып, соның салдарынан біреуі көз жұмды. Оқиға 15 сәуірде болған. Полиция қылмысқа қатысы бар күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 2 адамның жанжалдасып тұрғаны туралы хабар түсті. Аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Төртеуі де – аталған ауданның тұрғындары. Зардап шеккен адамның біреуі дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2003 жылғы жігіт анықталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұсынылатын