Saturday, 23 November,2024

Қаза тапқандар бар: Қырғызстан селдің зардабын тартып жатыр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Селдің жүруіне байланысты Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БАҚ хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланған. Соңығ мәліметтер бойынша, өңірде 100-ге жуық үйді су басқан.

Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан.

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ.

 

Ұсынылатын