Friday, 3 May,2024

Қаза тапқандар бар: Ресейде қазақстандық автобус апатқа ұшырады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ресейде қазақстандық автобус жол апатына ұшырап, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жол апаты 8 сәуірде түнгі сағат 1:00 шамасында Урал - Муханово тас жолының 26-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, аударылады.

Соның салдарынан екі адам тіл тартпай кетсе, тағы 10 адам түрлі дене жарақатын алған. қазір олар медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Ұсынылатын