Saturday, 18 May,2024

Қаза тапқандар бар: Тайваньда қатты жер сілкінді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Тайваньда жойқын жерсілкінісі болып, соның салдарынан көптеген ғимараттар қирады. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан төрт адам мерт болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шетелдік БАҚ жазуынша, Тайваньның шығыс бөлігінде орналасқан Хуалянь уезінде жер сілкінісінің магнитудасы 7.3 болған. 4 адам қаза тауып, 100-ге жуық тұрғын зардап шекті.

Мамандардың айтуынша, соңғы 25 жылда дәл мұндай күшті жерасты дүмпуі болмаған. Қазіргі уақытта елде құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын