Қазақ діннен арылуы керек – Мұхтар Мағауин
Қазақстанның халық жазушысы, Түркияның Кемер қаласында тұратын Мұхтар Мағауин Youtube-тегі “Халық үні” бағдарламасына берген сұхбатында қазақ қоғамындағы дін мәселесіне қатысты пікірін жеткізді. Ғалымның айтуынша, мәдениетке дін емес, білім-ғылым жеткізеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Дін – апиын. Апиын аз ғана қолданса ем, көп қолданса ауру. Мен солай деп ұғамын. 20-шы ғасырдың басында, 19-шы ғасырдың аяғында қазақтың зиялылары, оқығандары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасады, дінге қарсы күресті. Дін деген – қараңғылық. Әсіредіншілдік түкке де керегі жоқ. Мәдениетке дін емес, білім-ғылым жеткізеді. Мешіт емес мектеп. Бізге арабтың не керегі бар?! Оның барлығы біздің табиғатқа жат нәрсе. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазақ діннен арылуы керек. Зиялылыққа жетуіміз керек. Дін әсіресе балаларды бұзып бара жатыр. Бұл діндарлар қазақтың дәстүр-салтына қарсы, киіміне қарсы, тілін бүлдіріп бітті. Ең аяғы бейіт тұрғызуға қарсы шықты. Келін сәлем бермеуі керек. Соның барлығы - қазақты құртатын нәрселер. Сондықтан ол жай ғана тыйым емес, біразына заң жүзінде шара қолдану керек”, - деді Мұхтар Мағауин.