Saturday, 23 November,2024

Қазақ күресін мазақ қылғандар «Өнер барысы» жобасынан шеттетілді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы журналист Аслан Қажен әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айта кетейік, ол бұған дейін «Өнер барысы» жобасын клоунадаға айналдырғандарды сынап, қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жігіттер қателігін түсінді...

«Өнер барысы» не болып жатыр? Осындай сұрақтар көбейді. Заңды да. Өйткені, соңғы жобадағы жағдай көпшіліктің ашуын туғызды. Қысқасы, Ұлан да, Рамазан да қателігін түсінді. Түсінгендей болды. Ұлан арнайы видео үндеу жолдады. Ал, Рамазан инстаға пост қалдырды. Жоба авторы Мейіржан Әлібекпен де сөйлестім. Олқылықтар болғанын мойындады. Алдағы уақытта барлығын ескеріп, қатысушыларға қатаң талап қойылатынын алға тартты. Ал, жоғарыда аты аталған қос «балуанға» шектеу шарасы қолданылады. Яғни, енді олар осы жобада ешқашан өнер көрсете алмайды.

Жігіттер маған да ренішін білдіріпті. Тырнақ астынан кір іздейсің, анау-мынау деген сияқты. Өздері білсін. Қалай болғанда да, ұлттық күресті мазаққа айналдыруға болмайды. Ешкімнің қақы жоқ. «Шоу ғой» деп те ақталуға келмейді. Шоу мен клоунаданы шатастырмаңыз. Өнердің айналасында жүрген жігіттер осы күреспен айналысып, осы жарысқа қатысқанының өзі жетіп жатыр. Ал, енді бозкілемге орысша не орысша аралас әнмен шығып, бір-бірінің бетінен не қолынан сүйіп, бастарына үкі тағып, ауыздарына келгенді айту масқара жағдай. Алдағы уақытта барлық ереже мен талап ресми жарыстармен теңестіріледі деген уәде берілді. Орындалады деген үміттеміз, - деп жазды Аслан Қажен.

Ұсынылатын