Қазақ қызы өзге мемлекетте лауазымды қызметке тағайындалды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қазақ қызы Қырғызстанның монополияға қарсы ведомствосын басқарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы vesti.kg жазды. Дерекке сүйенсек, Гүлшат Асылбаева Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы болып тағайындалған. Тиісті өкімге Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлшат Асылбаева Жогорку Кенештің VI шақырылымының депутаты болған.
Гүлшат Асылбаевның ұлты қазақ. 1960 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Георгиевка ауылында дүниеге келген.