Saturday, 27 July,2024

«Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Uaqyt.info
Фото

Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Нұртас Солтанұлы корпорацияда 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылдан астам уақыт аймақтық арнада өте табысты қызмет атқарды. Енді жинаған тәжірибесі мен кәсіби білімін Қазақ радиосын бәсекеге қабілетті етуге жұмсайтынына сенеміз. Радионың алдына қойылған міндет – ұлттық сипатын сақтай отырып, одан әрі дамыту, заманауи, озық медиаға айналдыру”, - деді басқарма төрайымы Ляззат Танысбай.

39 жастағы Н.Солтанұлы 2019 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасын басқарды. 2006-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, 2011-2019 жылдары  «Qazaqstan» телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болды.

Ұсынылатын