Sunday, 8 December,2024

“Қазақ табылмады ма?” Танымал актриса орыс жігітке тұрмысқа шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал актриса Фариза Ескермес орыс ұлтының өкіліне тұрмысқа шықты. Андрей есімді күйеу жігіт актрисаға Мальдив аралдарында ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Әлемдегі ең мейірімді, керемет жанның ұсынысын қабыл алдым”, - деді Фариза Ескермес.

Актрисаның бұл таңдауына желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр. Бірі екі жасқа бақыт тілесе, енді бірі орысты таңдаған Фаризаға сын айтқан.

“Екі жас бақытты болсын”, “Бәрібір қазақтың жігіттеріне жетпейді”, “Осы біздің әртістер неге өзге ұлттың өкілдеріне құмар?”, “Қазақтың жігіттері романтиканың не екенін білмейді, сондықтан біреудің айтқанына мән бере берме”, “Бақытты болыңдар:, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын