Friday, 22 November,2024

Қазақ тіл білімі сиясы кеппеген құнды еңбектердің тұсауын кесті

Алмас Абылай
Фото

Мемлекеттік тілді дамыту институты монография-оқулықтардың таныстырылымын өткізді. Онда көне түркі ескерткіштеріндегі атаулар, өңірлердегі тілдік ерекшеліктер мен өзекті мәселелері қамтылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ғалымдар қазақ тіл білімінде құндылығы жоғары құнды еңбектердің тұсауын кесті. Үш кітап үш түрлі мәселені қамтыған. Яғни "Көне түркі ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістік", "Қазақстандағы тілдік ахуал: аймақтық ерекшеліктер және өзекті мәселелер", "Түркі фразеологизмдеріндегі аялық білімнің ұлттық сипаты" атты үш монография-оқулықтың оқырманға берері мол.

Институт пікірінше үш еңбектің де ауқымы үлкен. Мысалға алғашқы еңбекте көне түркі ескерткіштеріндегі ономастикалық атауларды анықтауды және анықталған әр жалқы есімнің этимологиясын ашуды мақсат еткен. Ғылыми еңбекті  көне түркі тас мәтіндерінде кездесетін ономастикалық бірліктердің этимологиялық сөздігі десе де болады.

Ал екінші кітапта ел аймақтарындағы тілдік ахуалды қалыптастыратын факторлар, аймақтың географиялық орналасуы, тілдік ахуалдың қалыптасу тарихы, халқының ұлттық құрамы және әлеуметтік сипаттамасы беріледі. Ең бастысы ондағы тілдік ахуал талданады.

"Түркі фразеологизмдеріндегі аялық білімнің ұлттық сипаты" атты оқулық оғыз және қыпшақ тобы тілдері материалдары негізінде түркі лингвомәдени бірліктеріндегі аялық білімнің ұлттық сипатын талдаған.

Ұсынылатын