Qazaq Tili Endowment Qory жайлы не білесіз?

Qazaq Tili Endowment Qory - қазақ тілін дамытумен айналысатын ең ірі ұйым. Аталмыш қор 2023 жылы құрылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мемлекеттік тілдің дамуына серпін беретін ұйымның жұмысы жылдан-жылға дамып келеді. Екі жылдың ішінде өткізілген түрлі сессиялар мен конференциялар соның бір дәлелі.
Эндаумент қорының ерекшелігі қорға аударылған қаражаттың өзі игерілмейді: қолда бар қаражат бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға, ал инвестициялық кіріс мақсатты жобаларды қолдауға жұмсалады.
Қазіргі таңда қордың жинаған сомасы 500 миллион теңгеге жуықтады. Айта кетейік, 2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамыту қорына өз қалтасынан 7 млн теңге аударған болатын. Бұдан бөлек ірі кәсіпкерлер де қорға қомақты қаражат құйды. Оның 100 миллион теңгесін белгілі меценат, алматылық депутат Дулат Тастекей бергенін айта кеткен жөн.