Saturday, 23 November,2024

Қазақ тілін менсінбейтін федерация тілшілерді конференцияға кіргізбей қойды

Uaqyt.info
Фото

Алматыда өткен Су спорты түрлері федерациясының конференциясына журналистер қатыса алмады. Ондағылар жиынға тек тізіммен кіргіземіз деген желеумен тілшілерді есіктен қайтарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматыдағы қымбат қонақүйлердің бірінде конференция ұйымдастырған Су спорты түрлері федерациясы жиынға келген Uaqyt.info тілшісін кіргізбей қойды. Ондағылар конференция жабық режимде өтетінін, ішке тек тізімде барлар ғана кіретінін жеткізді.

“Бізде тек тізім бойынша кіргізіледі. Конференция жабық. Шақырту бойынша ғана”, - деді өзін Талғат деп таныстырған федерация өкілі.

Конференцияға барудағы мақсатымыз – федерацияның алдағы жоспары мен өткен жұмысы туралы ақпарат беру еді. Сондай-ақ Су спорты түрлері федерациясының президенті Андрей Крюковқа бірнеше сұрақ қойғымыз келген. Бірақ ресми сайтын тек орыс тілінде жүргізетін федерация басшылығымен жолығудың сәті түспеді.

Андрей Крюков назначен временно исполняющим обязанности генерального  секретаря НОК Казахстана

Айта кетейік, Андрей Крюков бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған болатын.

Ұсынылатын