Saturday, 23 November,2024

Қазақ тұлпары Дубайда өткен жарыста бірінші келді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Дубайда өткен аламанда қазақ тұлпары мәрес сызығын бірінші болып кесті. Al Maktoum Challenge турнирінде батысқазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан көш бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info kazinform-ға сілтеме жасап.

БҚО бәйге федерациясынан мәліметінше қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынаған. Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубок бәскесіне қатысады.

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған жүйрік.

Ұсынылатын