"Қазақмыс" кенішінде екі жұмысшы қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жамбыл облысындағы "Қазақмыс" компаниясының "Жайсан" кенішінде 27 қарашада қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Uaqyt.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау тресінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алып, көз жұмды.
"Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.