Saturday, 23 November,2024

Қазақстан 15-20 жылдан кейін ауызсуға зәру болады - депутат

Uaqyt.info
Фото

Мәжіліс депутаты Сергей Пономорев 15-20 жылдан кейін Қазақстанда ғана емес Орталық Азия елдерінде су тапшылығы болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, суды үнемдеп пайдаланбаса 2050 жылға қарай Қазақстан ауызсуға өте мұқтаж елдердің қатарында болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Су тапшылығы мәселесі бұған дейін де биік мінберлерден жиі көтерілген еді. Тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та халықты суды үнемдеуге шақырған болатын. Бірақ депутат Сергей Пономорев мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалмай жатыр дейді. Оның айтуынша, суға жауапты мекемелер әлі күнге өзекті мәселеге салғырт қарап келеді.

Сергей Пономарев, депутат мажилиса парламента РК: АЭС - ответственность на  каждом из нас, SK NEWS — место встречи корпоративных событий

“БҰҰ пайымынша, 2050 жылға қарай Орталық Азия елдерінде су тапшылығы өзекті мәселенің бірі болады. Өйткені Орталық Азияның табиғаты негізінен шөлейт және шөлді ландшафтқа тән. Сондықтан қазірден бастап су мәселесіне дұрыстап назар аудармасақ, 15-20 жылдан кейін ауызсу табуға зәру боламыз. Бұл мәселені Президент те көтерді. Бірақ осыған жауапты тұлғалар неге екенін білмеймін әлі дұрыс жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Ауылда, қалада тұратындар да үнемдеу дегенді атымен білмейді”, - деді депутат.

Ұсынылатын