Friday, 22 November,2024

Қазақстан әлем чемпионатында алтынсыз қалды

Алмас Абылай
Фото

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын ала алмады, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Vesti.kz ақпараттық-спорт порталының жазуынша, финалдық жекпе-жекке шыққан қазақстандық Ләззәт Күнгейбаева морокколық Хадиджи Мардименге ұтылды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бөлек шешіммен марокколық боксшыға берді. 

Осының алдында Карина Ибрагимова да қарсыласынан айласын асыра алмай, күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы биылғы әлем біріншілігінде алтын медальсыз қалып отыр. Қазақстандық қыздар біріншілікте 2 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды.  

Ұсынылатын