Қазақстан арқылы Еуропаға өтпек болған 200-ден астам шетел азаматы ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстан арқылы Еуропаға заңсыз өтпек болған 210 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі Шекараны қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай заңбұзушылықтар Қостанай, Ақтөбе облыстарында анықталған.
Жыл басынан бері Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына, одан әрі ЕО елдеріне транзитпен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған өзге елдің 210 азаматы ұсталды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ Серік Ахметқалиев заң бұзған шетелдіктердің барлығы Қазақстан аумағынан шығарылғанын айтты.