Saturday, 23 November,2024

Қазақстан БҰҰ миссиясына қару-жарақ пен техника жеткізеді – министр

Uaqyt.info
Фото

Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлімдеді. Оның айтуынша, техника мен қару-жарақты жеткізу үшін шамамен 8 млн доллар қаражат кетеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Бюджеттен қаражат белгіленген. Қару-жарақ пен техниканы тасымалдауға тағы қосымша қаражат қажет. Шамамен 8 млн доллар болмақ", - деді министр Жақсылықов.

Жақсылықовтың бұл сөзімен депутататтар да келісіп отыр. Депутат Айгүл Құспанның айтуынша, үлкен "Арлан", "КамАЗ" сынды үлкен құрышпен қапталған 15 көлікті тасымалдау үшін арнайы ұшақтар қажет.

"Бұған шамамен 8 млн доллар жұмсалмақ. Себебі үлкен "Арлан", "КамАЗ" сынды үлкен құрышпен қапталған 15 көлікті тасымалдау қажет. Бізде қолданыста жоқ арнайы ұшақтар қажет. Қорғаныс министрлігі аталған жүктерді тасымалдаумен айналысатын компанияларға жүгінеді. Көліктерді Голан жотасына Ил-27 ұшақтарымен жеткізеді деп ойлаймын. Ең тиімді жолы осы. Қазақстандық бітімгерлердің елге оралуын БҰҰ қамтамасыз етеді. Одан бөлек, БҰҰ біздің әскерилерге жалақы төлейді. БҰҰ жыл сайын ел бюджетіне белгілі бір мөлшерде қаржы төлеп отырады. Ол шамамен 1 млн доллар болады", - деді депутат Айгүл Құспан.

Айта кетейік, БҰҰ-миссияларына 430 қазақстандық әскери қызметші жіберіледі. Миссиялар Сирия, Палестина, Израиль, Оңтүстік Судан және Суданда өтеді.

Ұсынылатын