- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды
Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды
Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған видео таратқан автор қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қостанай облысының Полиция департаменті хабарлады.
"Әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасында әскерилер арасында болған қақтығысқа қатысты пікір жазылған әскери көлік колоннасының видеосы тарап кетті. Видео жалған болып шықты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысының ПД қызметкерлері Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады", - деді полициядағылар.
Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша соталды тергеу басталды.