- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының екі бірдей ұйымы беретін "халал" сертификаттары мойындалмайды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының екі бірдей ұйымы беретін "халал" сертификаттары мойындалмайды
Елімізде 3 ұйымның беретін "халал" сертификаттары мойындалмайды. Олардың ешқайсысы аккредиттеуден өтпеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ұлттық акредиттеу орталығы дерегінде айтылады. Онда жалпы ел бойынша халал сертификатын 4 қана ұйым беретіні жазылған. Бірақ бүгінгі күні солардың тек біреуі ғана аккреддиттеліпті. Қалған үшеуі өтпеген.
Осыған байланысты Қазақстан халал-индустриясы қауымдастығы (ҚХИҚ), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал Даму" ЖШС және "HALAL Quality Center" ЖШС сертификаттары мойындалмайды.
Әзірге мемлекетке тиесілі "ҚазСтандарт" қана аккредиттелді.
"Әрбір сертификаттау органы өз талаптары бойынша жұмыс істейді. Кәсіпорындардың аудиті мен сертификаты бойынша жұмыстар қалай жүргізілетінін біліп жатқан ешкім жоқ. Сондықтан біздің аккредиттеуден өтпеген ұйымдардың жұмысы қаншалық заң аясында екеніне баға бере алмаймыз", — деді Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.
Қазір елімізде халал саласындағы үздік стандарттау талаптарын ұлттық ерекшеліктерге сай енгізу қарастырылып, халықаралық сертификаттау жүйелерінде аккредиттелу бағытында шаралар қолға алынған. Бүгінде ұлттық 18 талап бекітілген, 11 мемлекетаралық талап құрастырылып жатыр.