Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңіліп қалды
Алмас Абылай

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан футбол құрамасы Финляндиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ойын елордадағы "Астана Арена" стадионында өтті. H кіші тобының көшбасшыларының текетіресі Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Есеп: 0:1.
Стадион жанкүйерлерге лық толы болды. Бірінші тайм есеп ашылған жоқ.
Десе де екінші таймның 78-минутында Оливер Антман қазақстандық команданың қорғанысынан олқылық тауып, Игорь Шацкийдің қақпасына доп салды.
Бұл осы ойында соғылған жалғыз гол болды.
Осылайша H кіші тобында Финлияндия футболшылары алға шықты. Олардың қорында 12 ұпай бар, ал Магомед Адиевтің шәкірттері 9 ұпаймен 2-ші қатарға тұр.
Қазақстан келесі ойынды 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.