Saturday, 18 May,2024

Қазақстан құрамасы парадзюдодан Азия чемпионы атанды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Парадзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарысында топ жарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды. Айналмалы жүйе бойынша өткен бәсекеде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.

Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 2:3 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады.

Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан үшін командалық жарыстағы шешуші белдесу Өзбекстан құрамасына қарсы өтті. Парадзюдо бойынша әлемде мықты ел болып саналатын Өзбекстанды қазақстандық спортшылар 4:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Ұсынылатын