Sunday, 24 November,2024

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап саусақ іздері алына бастайды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізде 1 қаңтардан бастап азаматтардың саусақ іздері тіркеуге алынады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі түсіндірді. Ведомстваның көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаевтың сөзіне сүйенсек, саусақ ізін алу саусақтардың папиллярлық өрнектерінің бірегей құрылымы туралы деректерді сақтауға мүмкіндік береді.

"Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеу басталады. 12 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. 12 жасқа дейінгі балалар. 16 жас ерікті түрде саусақ ізін тіркеуге жатады", - дейді ол.

Сонымен қатар, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлік, төлқұжат, шетелдіктерге тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру кезінде саусақ іздерін алу жүргізіледі.

Міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1 бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ұсынылатын