Saturday, 23 November,2024

Қазақстанда 26 сәуірден бастап жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу қызметін тіркеу уақытша тоқтайды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар қызмет түрі тоқтайды. Осылайша азаматтар 9 сәуірге дейін үй жайын сатуға немесе сатып алу құқықтарын орындай алмайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.


26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлері тоқтайды. Басты себеп – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпарат жүйесіне көшуі.
"Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы, әрі құжаттарды жеткізу мерізімінің ұзақтығына байланысты ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады. Айта кетейік, қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады", – делінген хабарламада.


Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.


"Жаңа жүйеге көшу мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кетейік, ЖМБМК-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты барлық өмірлік жағдай кезең-кезеңімен цифрланады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзету енгізу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қаупіне жол бермеу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеуі заңнама тұрғыда қарастырылатын болады", - деді, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Ұсынылатын