Wednesday, 27 November,2024

Қазақстанда 42 адамды пойыз қағып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Елімізде жыл басынан бері 42 адамды пойыз қаққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады. Ведомство өкілдері жыл басынан бері темір жолдарды белгіленбеген жерден кесіп өткен 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқандарын айтады.

"Мысалы, алдыңғы демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық бұзғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 5-бөлігі ("Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ұсынылатын