Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Уақыт.кз
Фото
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн жылынып, жаймашуақ болады, деп хабарлайды Уақыт.кз.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстанның жекелеген аудандарында аздаған жауын-шашын түсіп, күндіз жел тұрады. Елдің оңтүстік-шығысында тұман түседі деп болжануда.
“Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді. Республиканың батысында термометр бағаны күндіз 12-26 градус жылылықты көрсетеді, солтүстік-батыста 5-20, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 13-25, таулы аймақтарда 8 -13 жылы болады” , - делінген хабарламада.