Sunday, 24 November,2024

Қазақстанда бензин тағы 14 теңгеге қымбаттамақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізде бензин қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Министрдің орынбасары алда-жалда көлік салығы күшін жойған жағдайда Қазақстанда бензин акциздерінің қымбаттау ықтимал деген пайымға қатысты пікір білдірді. Сөзінше бұл әбден мүмкін нәрсе.

"Біз де бұл туралы естіп жатырмыз. Алғаш рет аталған құжатты электронды жүйеден көрдік, бірақ, өкінішке қарай, Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестерімізбен бұл жайында сөз болған жоқ. Жалпы, кез-келген салықты немесе басқа да міндетті төлемдерді белгілеу жайы Энергетика министрлігінің құзыретіне жатпайды... Әр литрге14 теңгеден қосылады дегенді естігенім бар, әбден мүмкін нәрсе. Өз басым бұл реттегі есеп-қисапты көрмедім, ондайды бізге ешкім ұсынбады", - деді ол.

Сондай-ақ ол 14 теңге деген цифр бар, бірақ ол неге негізделгенін айта алмайтынына да тоқталды.

Ұсынылатын