Sunday, 24 November,2024

Қазақстанда биыл 85 жаңа оқу орны ашылып, пайдалануға беріледі

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Елімізде жаңа мектептер құрылысы қарқынды жүруде. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оқушыларды жайлы, қауіпсіз білім ошақтарымен қамстамасыз ету, елдегі апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында өңірлерде білім беру ұйымдарын салу жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Uaqyt.info

Мәселен, осы жылы еліміздің барлық өңірлері бойынша 83 мың оқушыға арналған 85 жаңа мектеп ашылып, пайдалануға берілген.

Жалпы осы жылдың соңына дейін түрлі қаражат көздері арқылы 132 мың орындық 154 мектеп, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мекте пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұл мектептердің пайдалануға берілуі 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің және 113 елді мекендегі оқушылар орнының тапшылығына қатысты мәселенің шешімі болады.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізінде биыл құрылысы басталатын 217 мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.

Ұсынылатын