Saturday, 5 October,2024

Қазақстанда ер адамдар ең көп жиналған өңір белгілі болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізде ер адамдардың саны әлі де болсын әйелдерден аз. Десе де еркегі көп екі өңір бар көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады. Ақпарға сүйенсек, елдегі әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды.

Пайызбен айтсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4% (9 861 175 адам).

Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 млн артқан. Яғни Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.

Дей тұрғанымен ер адамдар ең көп тұратын өңірлер де бар көрінеді. Статистка бюросы бұл тізімге Қызылорда және Түркістан облыстарын жатқызыпты. Мұнда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.

Ұсынылатын