Saturday, 23 November,2024

Қазақстанда ережесіз жекпе-жектің трансляциясына шектеу қойылмақ

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы министр Qazaqstan TV телеарнасының Youtube арнасында шыққан сұхбатында айтты. Онда Дархан Қыдырәлі болашақта еліміздің телеарналарынан ережесіз жекпе-жектің трансляциясына шектеу қойылатынына тоқталған.

"Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз, себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе мектеп балалары сол әдіс-тәсілді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың немесе ер балалардың бір-бірімен аяусыз төбелесіп жатқан сәтінен видеолар кейде (әлеуметтік желіде - ред.) шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездіктен қатыгездік туындайтыны белгілі", - деді министр.

Алайда министрдің бұл мәлімдемесіне бірқатар спортшылар наразылықтарын білдіріп үлгерді.

Ұсынылатын