Қазақстанда Қазақстан есімді қанша адам бар?
Uaqyt.info

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Қазақстан есімді 31 адам бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“31 адамға Казахстан немесе Қазақстан деген есім қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Олардың сегізі Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден”, - делінген ақпаратта.