Friday, 22 November,2024

Қазақстанда қылмыс жасаған 2500-ден аса күдікті қашып жүр

Алмас Абылай
Фото

Бас Прокуратура ел ішінде қылмыс жасап жасырынған күдіктілердің санын жариялады. Сондай-ақ, олардың көбіне қай мемлекеттерде жүргені де анықталып отыр деп хабарлайды Уақыт.кз.

Дерекке сүйенсек, соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамды іздеуге алған. Оның 500-і прокурорлардың көмегімен шет мемлекеттерден ұсталып, елге экстрадицияланыпты. Қазір 2500-ден астамы әлі де қашып жүр. 

“Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген 600 күдіктінің жүрген жері анықталды. Олардың көпшілігі Ресейде, Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинада жасырынып жүр”, - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ, Бас Прокуратура биыл кісі өлтіру дерегімен іздеуге алынған 4 күдіктінің және қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін 2 адамның ұсталғанын хабарлады. 

Ұсынылатын