Қазақстанда қыз алып қашуға заңмен тыйым салынады
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуы тиіс”, - деді Тоқаев.