Қазақстанда шілде айынан бастап 4 күндік жұмыс аптасы пайда болады
Елімізде биыл шілде айынан 4 апталық жұмыс аптасын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Учет.kz жазды. Дерекке сүйенсек, өзгеріс Еңбек кодексінде қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңында енгізілген. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еңбек кодексіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы (ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленеді) қарастырылған. Сонымен қатар, жекелеген салаларда әр түрлі апталарда бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажет:
"71-баптың 3-тармағы жұмыс уақыты мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына ауысу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.