Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болады
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Елімізде күз мезгілінде мерекеленетін атаулы дата пайда болмақ. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұйрықта жаңа мерекенің қараша айында аталып өтілетіні жазылған. Яғни айдың екінші бейсенбісі Сапа күні мерекесі болып бекітіледі.
Аталған мереке дүниежүзілік қауымдастық – 1989 жылдан бастап жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сапа күніне орай теңестірілді.
"Мұны БҰҰ қолдауымен Еуропа, Америка және Жапон сапа ұйымдары құрды. Мерекенің мақсаты –жыл сайынғы әлемде түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты - тұрақты дамуды және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, қоғамды басқарудың жоғары сапасының маңызын атап өту", - делінген жобада.
Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.