Saturday, 5 October,2024

Қазақстанда Украина сценарийі қайталануы мүмкін деген Ресей депутатын шекарадан өткізбей қойды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Ресей думасының депутаты Константин Затулин Қазақстанға кіре алмай, кеден бекетінен кері қайтты. Бұл туралы РБК жазды деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дерекке сүйенсек, депутат Затулиннің Қазақстанға қандай мақсатта кірмек болғаны белгісіз. Бірақ кеден бекетінде паспорт тексеру кезінде кері қайтқан.

Айта кетейік, Ресей депутаты өткен жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ДНР мен ЛНР-ді Қазақстан мойындамайтынын айтқанынан кейін, қатты сөздерге бой алдырған. Яғни, ол Қазақстанда Украина сценариі қайталанады дегенге келтіріп, се көрсеткен еді. Мұнан кейін ел Парламенті оның мәлімдемесіне жауап беріп, елге кіруге болмайтын қара тізімге енгізді.

Ұсынылатын