Wednesday, 27 November,2024

Қазақстанда заңға пысқырмай мұғалімді жұмысқа қабылдау бойынша Қарасай ауданы көш бастап тұр

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Елімізде мұғалімдерді мектепке заңсыз қабылдау дерегі бойынша Алматы облысы көш басында. Бір ауданның өзінен 77 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов айтты. Қазақпарат дерегіне сүйенсек, мұғалімдерді жұмысқа заң бұзушылықпен қабылдауда Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр.

"Педагогтарды заң бұзушылықпен қабылдау фактілері ең көп тіркелген өңір - Алматы облысының Қарасай ауданы. Бұл ауданда 77 факті тіркелген. Екінші орында - Қарағанды қаласы. Бұл шаһарда 62 жағдай, ал үшінші орында Түркістан қаласы, 57 факті тіркелген", - деді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Жетісу облысында мұғалімдерді заң бұзушылықпен жұмыспен қамту бойынша 42 факті болған. Оның 25-сі Талдықорғанда, 17-сі Алакөл ауданында.

Ұсынылатын