Friday, 22 November,2024

Қазақстандағы ең жас миллионер Марат Әбиевтің не үшін ұсталғаны белгілі болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстандық кәсіпкер әрі ең жас миллионер Марат Әбиев жақында ұсталған еді. Енді оның неліктен күдікке ілінгені белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кәсіпкердің не үшін ұсталғанын журналист Михаил Козачков жазған. Сөзіне сүйенсек, ол заңсыз мұнай өнімдерін сатумен айналысқан. Яғни 2018 жылы тиым салынған К2 және К3 дизель отынын өндірген.

"Кәсіпкермен байланысты "Alpina Export" ЖШС мұнай өндіріп, оны ары қарай өңдеу үшін Ақтөбе қаласындағы "Вернал Ойл" ЖШС жеткізіп отырған. Бірақ аталмыш компанияның К5 санатындағы дизель отынын өндіру қауқары болмапты. Бірақ соған қарамастан кәсіпкер елде К2 және К3 дизелін өндіреді. Ал бұл өнім 2018 жылы заң жүзінде тиым салынған. Себебі оның табиғатқа шығаратын зиянды қалдығы орасан. Кәсіпкер осы тиымға қарамастан аталмыш санаттағы дизель отындарын өндіріп, ел ішінде және көрші мемлекеттерге сатқан. Осылайша 11 миллиард теңгеге айналымға шығады. Тек биыл наурыз айында миллионердің заңсыз әрекеті белгілі болып, қамауға алынды. Марат Әбиевпен бірге дәл осы іске қатысы бар деген күдікке Евгений Гребнев, Антон Новицкий, Жәнібек Дәрібаев, Аманай Махметов және Серік Кеңесбайұлы да ілініп отыр. Олар қылмыстық топ құрды деген айыппен тексерілуде", - дейді ол жазбасында.

Еске салайық, бұған дейін елдегі ең жас миллионер, бірнеше кітап авторы Марат Әбиевтің ұсталғанын жазған едік.

Ұсынылатын