Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда 34 пайызға көп жалақы алады
Елімізде ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Тіпті кей өңірде бұл айырмашылық 2 есеге жеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы finprom.kz жазды. Дерекке сүйенсек, 2022 жылы Қазақстанда орташа айлық жалақы 309,9 мың теңгені құраған. Жынысы бойынша 2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, жылына + 26,3%, әйелдерге 265,8 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан +20,7% артық алды
Өңірлік тұрғыда ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Атырау (631,8 мың теңге), Маңғыстау (590,6 мың теңге) және Ұлытау (489,1 мың теңге) облыстарында, ал ең төменгісі – Жетісу облысында (бар болғаны 226 мың теңге) тіркелді.
Бұл аймақтарда жынысы бойынша жалақының ең үлкен айырмашылығы да байқалды. Мәселен, Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдердің жалақысынан 2 есеге, Атырауда – 85,9%-ға, Ұлытауда – 68%-ға артық. Бұл ретте Жетісу өңірінде әйелдер ерлерге қарағанда 3,1%-ға ғана көп алған.
Әйелдердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Астанада тіркелді: 365,1 мың теңге.