Қазақстандық алаяқ Латвиядан экстрадицияланды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Айта кетейік, күдікті 2016 жылы адам сыбайластарымен бірлесіп, жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн. теңге көлемінде залал келтірген. Содан кейін ол шетелге қашып кетіп, алаяққа халықаралы іздеу жарияланған болатын. Қазіргі таңда ол Астананың тергеу абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.