Қазақстандық Азат Мақсұм UFC турнирінде жеңіліс тапты
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде жеңіліп қалды. Ол америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасқан болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
АҚШ-та өткен UFC Fight Night 235 турнирінде Азат Мақсұм америкалық файтер Чарльз Джонсонға есе жіберді. 3 раундтық кездесудің қорытындысы бойынша, төрешілер америкалық файтерді жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, қазақстандық жекпе-жек шеберінің бұл кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі. Ал америкалық спортшы болса, 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Бірақ соған қарамастан Азат бұл жекпе-жектен 50 мың доллар ақша тапты.
Чарльз Джонсон 2022 жылы Жалғас Жұмағұловпен (15-9) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Азат өткен жылы шілде айында UFC-дегі дебютінде АҚШ өкілі Тайсон Нэмді (21-14-1) ұтқан болатын.