Sunday, 5 May,2024

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек қарсыласын нокаутпен ұтты

Uaqyt.info
Фото

Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек аргентиналық Факундо Арсені техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Instagram-дағы Кazproboxing парақшасының жазуынша, екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек (14-0, 9КО) пен аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек жеңісті жолын жалғап, төреші оның 14-ші мәрте  рингте қолын көтерді. Айта кетейік, қазақстандық боксшы WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Ол бұл атақты 2021 жылы ұтып алған болатын.

Ұсынылатын