Қазақстандық ең сұлу боксшы жеке өмірі туралы айтты
Uaqyt.info
Фото Sports.ru
Кәсіпқой боксшы Балауса Муздиман жеке өміріне қатысты тілшілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Sports.ru сайтына берген сұхбатында Балауса Муздиман қазіргі таңда жігіті жоқ екенін, уақыты келгенде тұрмысқа шығып, спорттағы мансабын дұрыс аяқтайтынын жеткізді.
“Қазір басым бос. Спорт пен махаббат бір-біріне қатты кедергі келтіреді деп айта алмаймын. Қасыңда тіреушің, сені үнемі демеп жүретін адамның болғаны жақсы ғой. Әзірге менде бірінші орында спорттағы мансабым тұр. Уақыты келгенде, отбасын құрамыз”, - деді боксшы.
Айта кетейік, Балауса Муздиман кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Оның келес айқасы 20 мамырда Таразда өтеді.