Monday, 9 December,2024

Қазақстандық кәсіпкер, бірнеше кітап авторы Марат Әбиев ұсталды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Қазақстандық кәсіпкер Марат Әбиев ұсталды. Ол дизель отынын еш құжатсыз сатты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков Тelegram-арнасында жазды. Дерекке сүйенсек, кәсіпкерді серіктестерімен бірге мұнай өнімдерін заңсыз сатты, қылмыстық топ құрды деген күдікке ілген.

"Қазақстандық арман", "Болашақтың архитекторы", Қазақстандағы ең жас миллиардер» кітаптарының авторы Марат Әбиев ұсталды. Apina Export компаниясы бойынша оның серіктестері Махметов және Новицикийді, сондай-ақ, осы компания бас директоры Жәнібек Дәрібаевты экономикалық контрабанда үшін күдікке алған. Алдын ала дерек бойынша дизел отынын 11 миллиард теңгеден аса қаржыға еш құжатсыз сатты деген болжам бар", - делінген ақпаратта.

Марат Әбиев Қазақстандағы ең жас миллионер кәсіпкерлердің бірі.

Ұсынылатын