Saturday, 18 May,2024

Қазақстандық парадзюдошы Альфия Тілекқабыл Азия чемпионатында топ жарды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Парадзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақпараттың жазуынша, екінші жарыс күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз атанды.Қазақстан парадзюдо федерациясыныңмәліметінше, ол көзі мүлдем көрмейтін спортшылар санатында (J1) белдесті.

Айналмалы жүйе бойынша күрескен ол чемпиондық атаққа дейін Дилорам Диханова (Қазақстан) мен Хосиотхан Позильжонованы (Өзбекстан) жеңді.Айта кетерлігі, 16 жасар Альфия үшін бұл - алғашқы Азия чемпионаты. Ол парадзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына биыл қосылған.

Ұсынылатын