Saturday, 23 November,2024

Қазақстандық тағы бір спортшы медальдарын сатылымға шығарды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстандық паралимпиадашы Дәурен Ахмедов қатерлі ісікке шалдыққан анасына көмектесу үшін медальдарын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

32 жастағы спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Дәурен Ахмедов мұндай қадамға амалдың жоқтығынан барғанын айтады.

Оның айтуынша, қатерлі ісікке шалдыққан анасының еміне қомақты қаражат керек. Ол Азия ойындарында, халықаралық жарыстарда алған медальдарын сатылымға шығаруының басты себебі осы екенін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев өзінің медальдар мен атақтарын мұқтаж отбасыға беріп кеткен еді. Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін жазды.

Ұсынылатын