Қазақстандық тағы бір журналистке шабуыл жасалды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
"ҚазТаг" журналисі Диана Сапарқызына жасалған шабуылға қатысты Ақпарат және даму министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қарағандыдағы «КазТАГ» тілшісі Диана Сапарқызына қатысты жағдайдан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабардар. Министрлік журналистің қызметіне кедергі келтіру әрекетін құптамайды. Елімізде сөз еркіндігіне шектеу қойылмайды және министрлік бұндай оқиғаларды назарда ұстайды", - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік журналистке Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы оқиғаны түсірмек болған кезде шабуыл жасалған болатын. Оның телефонын белгісіз ер адам тартып, алып, ішіндегі файлдарды өшіріп тастаған.