Saturday, 18 May,2024

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің 4-ші ракеткасы атанды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияда өткен «Мастерс» турнирінің сериясында кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Елена Рыбакина ақтық сында Украина теннисшісі Ангелина Калининаны жеңді. Осылайша, ол WTA рейтингінде төртінші орынға көтерілді.  Еl.kz мәліметінше, Рыбакина Калининаны бірінші сетте 6:4 есебімен жеңген, ал екінші сетте ойын 1:0-ді көрсеткенімен қарсыласы ойыннан шыққан.

Осылайша, Қазақстан спортшысы титулды иеленді. Айта кетейік, Елена Рыбакина маусым мен спорттық мәнсабында WTA 1000 екінші титулына қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ ол биыл Австралияда өткен Ашық чемпионат пен Miami Open WTA 1000 финалына шықты.

Ұсынылатын