Thursday, 14 November,2024

Қазақстандық жол зертханашылар Ресейде тәжірибе алмасты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

“Жол активттерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 14 облыстағы филиалының зертханашылары Ресейде біліктіліктерін арттырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Омск қаласында орналасқан Сібір  мемлекеттік автомобиль және автомобиль жолдары университетінде /СиБАДИ/ тәжірибеден Жол активтері ұлттық сапа орталығы Павлодар филиалының зертханашысы Назарбай Құнанбайда өтті. Ол жол құрылысы саласында 4 жылдан бері еңбек етіп келеді.

«Мен үшін бұл өте маңызды пайдалы кездесу болды. Маусымның 24-28 аралығында көршілес Ресейдің жоғары оқу орнында біз өз білімімізді шыңдап ресейлік әріптестерден тәжірибе алмастық.  СиБАДИ - Ресейдің жол саласының мамандарын даярлайтын 5 оқу орындарының бірі. Тарихы 1930 жылдан басталады. Бүгінде тереңде жатқан оқу орны кәсіби жолшылар дайындау бойынша озық болып саналады. Біз бұл жерде «Бетон және бетон қоспасымен жұмыс істеу» тақырыбы бойынша тағлымдамадан өттік» дейді Н. Құнанбай.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мамандарын шет елдерде жыл сайын даярлайды. Жолдардың және құрылыс материалдарының сапасын тексерумен қатар, жол зертханашылар осындай өндірістік-тәжірибелік тағлымдама арқылы өз білімдерін арттырады.

Ұсынылатын