Қазақстандық журналист кішкентай сәбиімен Түркияда қаза тапты
Танымал журналист Арайлым Бағытжан сәбиімен Антальяда қаза тапты. Марқұм ірі жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қаралы хабарды Атырау облысы әкіінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Антальядан суық хабар келіп жатыр. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын”, - деп жазды Жасұлан Бисембиев.